Мероприятия

Балаларды қорғау күні мейрамымен!/С Днем защиты детей!

1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай «Евразия» ТСК аумағында тәлімгерлер мен нұсқаушылар Облыстық балалар туризмі және экология орталығы – ЮНЕСКО клубы кіші топ үйірмешілері үшін концерттік және спорттық -ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырған болатын. Бағдарламада балалар викторина, «көңілді старттарға» қатысып, флешмоб биледі.  Жаздың шуақты күні болмаса да, ұйымдастырушылар балаларға жақсы көңіл сыйлады!

 

Поздравляем!

С 23 февраля по 20 мая 2018 года, в ходе реализации программы «Рухани жаңғыру», РГКП «Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования» Министерства образования и науки Республики Казахстан проводил дистанционный интернет-конкурс среди педагогов организаций образования. В конкурсе принимали участие педагоги организаций образования, реализующих образовательные программы: дошкольного воспитания и обучения; начального, основного среднего и общего среднего образования; специального и специализированного образования; дополнительного образования для детей; технического и профессионального. В конкурсе приняли участие педагоги областного центра детско-юношеского туризма и экологии ЗКО - клуб ЮНЕСКО Мазуренко В.В. и Сарсенгалиев Ф.С., которые были отмечены грамотой за «Педагогический дебют».

   

Республикалық IX жазғы Спартакиаданың қорытындысы. Велотрек/ Итоги республиканской IX летней Спартакиады. Велотрек

24-27 мамыр аралығында Астана қаласында ҚР оқушыларының  велотрек  бойынша Спартакиадасы өтті, оған біздің Батыс Қазақстан облысының спортшылары да қатысты. Барлығы 5 адам.
Жарыс қорытындысы бойынша:
-    велосипедшілер – 2 орын, олимпиадалық спринт;
-    командалық жарыс – 2 орын;
-    жұптық жарыс – мэдисон – 3 орын!
Қорытындысында – 3 медаль !!!
Бесеуі де медальмен!

Құттықтаймыз!!!

   

«Айбын» облыстық әскери-патриоттық жиыны

«Евразия» ТСК-де 14-16 мамыр аралығында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2005-2006 жылғы «Айбын» облыстық әскери-патриоттық  жиыны өтті.
Жиынға жалпы 9 команда (Сырым, Теректі, Қаратөбе, Зеленов, Бөкейордасы, Шыңғырлау  аудандары, С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернаты, Орал ақпараттық технологиялар колледжі, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі) қатысты, барлығы 135 оқушы.
Жиынның  қорытындысы бойынша жалпы командалық есептегі нәтиже:
1 орын – Орал ақпараттық технологиялар колледжі
2 орын – Зеленов  ауданы
3 орын – Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі
Жиынға әр командадан 15 қатысушы, соның ішінде 10 бозбала және 5 қыз бала қатысты. Ереже бойынша қатысушылар Пневматикалық винтовкадан ату,  Белтемірге тартылу, Таянып жатып қолды бүгіп-жазу, Жалпыәскерлік қорғаныш толымын және противогазды кию, Автомат  қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, Әскери кросс, Әскери эстафета қашықтықтарында өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Жиынға Батыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне қолдау көрсеткен үшін алғысымызды білдіреміз

   

Мектеп және колледж оқушылары арасындағы облыстықIX жазғы Спартакиада. Гандбол.

Мамыр айының 6-8 күндері аралығында мектеп  және колледж оқушылары арасындағы облыстық IX Жазғы Спартакиадасының аясында №37 ЖОББМ және №46 ЖОББМ гандболдан жарыс өтті.
Жарысқа 4 команда, Зеленов, Сырым, Теректі аудандарының және Орал қаласының командасы қатысты. Жалпы 98 жас спортшы бағын сынады.
Жалпы командалық есептегі нәтиже:
1 орын – Сырым ауданының командасы,
2 орын – Орал қаласының командасы
3 орын – Теректі ауданының командасы.

   

Страница 1 из 6

<< Начало < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 Следующая > Последняя >>
joomla template