Мероприятия

Облыстық жас геологтардың слетінің қорытындысы туралы ақпарат/ Итоговая информация о V областном слете юных геологов

04.07.18 10:17

Қазақстанның геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін сақтау және дамыту, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында Теректі ауданының Шалқар көл жағасында 2018 жылдың 26-29 маусым аралығында V облыстық жас геологтардың слеті өткізілді. 
Слетке облыстың 8 ауданы мен Орал қаласынан 60 қатысушыны қамтыған 9 команда қатысты.
Слет 2 бөлімнен тұрды: геологиялық жарыс және геологиялық байқау.Геологиялық жарыс: геологиялық маршрут, геологиялық кесік, минералдарды анықтау,палеонтология, минералогия және  петрография, гидрометрия және өңдеуді байқап көру, қауіпсіздік техникасы негіздері және далада тұруды ұйымдастыру. Геологиялық байқау: таныстыру, «Геология және біз» көрмесі,  тастардан түрлі бұйымдар жасау, геологиялық фотосуреттер және суреттер, геологиялық ескерткішке сипаттама беру, геологиялық есеп.
Жарыс  республикалық геологиялық олимпиада ережелері бойынша өткізілді: геологиялық жарыс түрлері және геологиялық байқау.

Читать полностью

 

Зерттеу жалғасуда!/Исследования продолжаются!

21.06.18 22:15

Осы жылдың 11-15 маусым аралығында БҚО Погадаев ауылдық округінің Щучкино ауылында экологиялық-геологиялық экспедиция өтті. Экспедицияға: РФ геология-минералогия ғылымдарының кандидаты В.М.Ефимов, ҚР құрметті геологы Г.А.Якименко, география ғылымдарының кандидаты С.К.Рамазанов, БҚОблыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы-ЮНЕСКО клубы экологиялық туризм бөлімінің меңгерушісі Н.Х.Гатауов, сонымен  қатар О.В.Субботинаның және   А.С.Бекешевтің жетекшілігімен Зеленов аудандық жас туристер станциясының жас геолгтары қатысты.
Бұл экспедицияның мақсаты – өте сирек кездесетін және көзтартарлық олжа болып табылатын, бұдан бұрын ихтиозаврдың  сүйек қаңқалары табылған аумақты зерттеуді жалғастыру,
Экспедиция кезінде бұдан бұрын негізгі сүйек бөліктері байқалған орындар түгелдей қазылды және соған жақын жердегі аумақ  зерттелді.
Жоспарда – жаңа олжаны табу және ашудағы іздестіру жұмыстарын жалғастыру тұр!

Читать полностью

   

БҚО Жас геологтарының V облыстық слеті туралы анонс/Анонс V областного слета юных геологов ЗКО 2018

21.06.18 20:32

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы –ЮНЕСКО клубы, оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымдарын қалыптастыру, отаншылдық және азаматтылыққа тәрбиелеу, дарынды және талантты балаларды анықтау, сонымен қатар қазақстандық геология ғылымының үздік іс-тәжірибелерін жетілдіру және сақтау, геологиялық өлкетануды дамыту мақсатында 2018 жылдың 26-29 маусым аралығында Шалқар көлі жағасында (Теректі ауданы) БҚО Жас геолгтарының V облыстық слетін өткізеді. Слет екі бөлімнен тұрады: геологиялық жарыстар  мен байқаулар.
Геологиялық жарыстарға: геологиялық маршрутты салу, геологиялық кесіндіні зерттеу және сипаттау, минералдар мен тау жыныстарын анықтау, гидрометрия, өңдеуді байқап көру, палеонтология, далалық жағдайда Геологиялық байқауларға: команданы таныстыру, «Геология және біз» көрмесі,  тастардан ұсақ-түйек түрлі бұйымдар жасау, геологиялық суреттер мен фотографиялар, геологиялық ескерткішке сипаттама беру, 2 жылдық геологиялық есеп кіреді. Команда 6 қатысушы мен 1-2 жетекшіден тұрады.Қатысушылардың жас мөлшері 14-17 жас аралығы. Қатысушылар далалық жағдайда өмір сүру дағдыларын білуі тиіс, жеке және топтық құрал-жабдықтары, сондай-ақ арнайы құрал-жабдықтары (таулы-геологиялық компас, геологиялық балға, GPS-навигатор, шлихтау байқауынан өткізуге арналған астау, өлшейтін лента, нивелир, ватерпас, Моос шкаласы, минералдарды анықтауыш).
Жарыс геологиялық олимпиаданы өткізудің республикалық ережесі бойынша өтеді: геологиялық жарыстар мен байқаулардың түрлер жиынтығы. Слет жұмысына БҚОблыстық геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің  геолог- сараптамашысы Г.А.Якименко қатысады.

Читать полностью

   

Погодаево ауылдық округына экологиялық геологиялық экспедициясы/Эколого-геологическая экспедиция в Погодаево

07.06.18 21:20

11 – 15 маусым аралығында ОБЖТжЭО Зеленов аудандық жас туристер станциясымен бірігіп экологиялық геологиялық экспедициясын ұйымдастырады.
Экспедицияға қатысушылар  тізімі: Зеленов ауданының жас геологтар (жет. Субботина О.В.), геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты Ефимов В.М., география ғылымдарының кандидаты Рамазанов С.К., ҚР құрметті геологы Якименко Г.А. және т.б.
Экспедиция барысында Таловая ойысы, Чапурино және Погодаево ауылдарының  төңірегін геологиялық және палеонтологиялық зерттеу жұмыстарын атқарылады.

Үйлестіруші: ОБЖТжЭО-ның экологиялық туризм бөлімі .

Читать полностью

   

«Қазіргі уақытта таза болса – Болашақта да таза»/«Чистое настоящее - Чистое Будущее»

26.05.18 23:34

2018 жылдың 21 мамырында  «Евразия» туристік сауықтыру кешені базасында қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау мәдениетіне және экологияны жақсартуға арналған көшпелі семинар-кеңес өтті. Шараға білім беру мекемелерінің басшылары, қоғамдық бірлестік өкілдері және еріктілер қатысты. Экологиялық жағдай қалдықтарды жинау мәдениетіне тікелей тәуелді. Елді мекендерде жыл өткен сайын қатты тұрмыстық қалдықтар көбеюде. Бүгінгі күнде елімізде қалдықтардың тек 5 пайызы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Жағдайды түзеу үшін әр аймақта шаралар өткізілуде, мақсаты тұрғындарды қалдықтарды бөліп жинау мәдениетіне тарту болып табылады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директоры Виктор Павлович Фомин қатты қалдықтарды қолдану жұмысындағы өз тәжірибесімен бөлісті. Бүгінде бұл мекеменің әріптестерімен бөлісері көп. «Евразия» туристік сауықтыру кешенінде 5 жылдан бері қалдықтарды бөліп жинау іске асырылуда. Мұнда әйнек, пластик және қағаз бөлек контейнерлерде сортталады, Орталықта тіпті ағаш жапырақтары да қалдық болып саналмайды. Кәдімгі тыңайтқыш ретінде калифорниялық құрттар баяғыда тәжірибеге енгізілген. Сонымен қатар семинарға қатысушыларға қатты тұрмыстық қалдықтардан жасалған көрме ұсынылды.
Жыл сайын «Орал Таза Сервис» мекемесінің қызметкерлері қаладан 1200 кубометрге дейінгі қалдықтарды шығарады. Қазіргі уақытта қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу өткір мәселе болып тұр. Облыстық орталықтың қоқыс алаңында пластикті жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылған. «Орал Таза Сервис»ЖШС-ң бөлім басшысы Ешмұхамбетов Жасұланның айтуынша 700 қоқыс алаңының 50-не пластикті жинауға арналған жәшіктер қойылған. Және тағы да 200 контейнер орнатылатынын, болашақта қалада әйнек ыдыстарды және картондарды қабылдау пункттерін ашу жоспарланғанын айтты.

Читать полностью

   

Облыстық «Батыс Бердинг - 2018» чемпионатының қорытындысы туралы ақпарат/Итоговая информация об областном чемпионате по бердингу «Батыс Бердинг-2018»

26.05.18 20:07

Облыстық білім басқармасының 04.05.2018 жылғы №373 бұйрығына сәйкес туристік-экологиялық қызмет арқылы экологиялық мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, бердингті көпке танымал ету және дамыту мақсатында 2018 жылдың 16-18 мамыр аралығында «Самал» туристік лагерінде облыстық «Батыс  Бердинг - 2018»  чемпионаты өткізілді.
Чемпионат барысында командалар «Бердингистер», «Құстар білгірлер» сайысына, «Құстар үйі», «Бивуактар» және «Командаларды таныстыру»  байқауларына қатысты.     
Облыстық «Батыс бердинг - 2018»  чемпионатына барлығы 11 команда қатысты. Барлық қатысушылар саны – 66.
Чемпионат өту барысында М.Өтемісов атындағы география кафедрасының  оқытушысы – Р.А.Халелова және орнитолог М.И. Шпигельман теориялық және практикалық бөлімдері бойынша үлкен көмек көрсетті және тәжірибелерімен бөлісті.
Чемпионат бағыттары бойынша оқушылардың жұмысы бағаланып, 1,2,3 дәрежелі дипломдармен, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Төмендегідей жүлделі орындар бөлінді:

Жалпы командалық есеп:
1 орын - Ақжайық ауданы;
2 орын - Зеленов  ауданы;
3 орын - Шыңғырлау ауданы;

Читать полностью

   

Әлем балалар көзімен! / Мир глазами детей!

12.05.18 00:20

11 мамыр күні облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ЮНЕСКО клубы  үйірме оқушылары көрмесінің ашылуы болды. Балалар шығармашылығының  «Әлем балалар көзімен» атты көрмесі қалалық көрме залында  өтеді және  19 мамырға дейін жалғасады.
Көрмеге изо- туристік үйірме оқушыларының 100-н  астам жұмыстары ұсынылған.  Жетекшілері қосымша білім беру педагогтары Наталья Капустина, Светлана Петченко.  Әртүрлі техникада орындалған балалар жұмыстарында  олардың туристік, өлкетанулық және экологиялық шаралар барысында  алған қоршаған әлем  және табиғат сұлулығы туралы түйсінуі бейнеленген.

Читать полностью

   

Су жорығы жетекшілері семинарының қорытынды ақпараты/Итоговая информация семинара руководителей водных походов 2018

10.05.18 22:40

2018 жылы 24 сәуір - 5 мамыр аралығында облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы  ЮНЕСКО клубы  М. Өтемісов атындағы БҚМУ-ң  география кафедрасымен  бірлесіп су жорығы жетекшілерінің облыстық «Жайық - Урал»  туристік-экологиялық экспедициясы семинарын өткізді. Семинарға Жәнібек және Сырым  аудандарынан басқа облысымыздың барлық аудандарының қосымша білім беру педагогтары қатысты. Барлығы 16 адам.Семинар 3 кезеңнен тұрды:
1 кезең: 24-27 сәуір теоретикалық бөлімінде семинарға қатысушылар судағы, жеке және топтық құрал-жабдықтардың техникалық қауіпсіздігімен танысты;
2 кезең: 28 сәуір – 4 мамыр практикалық бөлім. Январцева ауылынан - Орал қаласына дейін 1 категориялы қиындықтағы су маршрутын өтті, судың геоморфологиясын,  гидрологиясын зерттеді.
3 кезең: 5 мамыр - қорытынды. Семинарға қатысушылар жорық туралы есебін жазды. Экспедиция сәтті өтті. Семинардың балалар-жасөспірімдер туризмі сферасында су жорығын ұйымдастыруда үлкен қолданбалы маңызы болды.


Читать полностью

   

Семинар руководителей водных походов туристско-экологической экспедиции «Жайық – Урал»!

23.04.18 22:33

С 24 апреля по 5 мая 2018 года областной центр детско-юношеского туризма и экологии – клуб ЮНЕСКО, в сотрудничестве с естественно-географическим факультетом ЗКГУ имени М.Утемисова,   проведут  областной семинар руководителей  водных походов туристско-экологической экспедиции «Жайық – Урал».
Семинар состоит из теоретической и практической частей. Теоретическая часть будет проходить с 25 по 27 апреля на базе туристско-оздоровительного комплекса «Евразия» и естественно-географического факультета ЗКГУ имени М.Утемисова. Практическая часть пройдет по реке Урал, водный поход 1 категории сложности, с 28 апреля по 4 мая 2018 года.
Все участники семинара получат сертификат, который даст возможность к участию в международной туристско-экологической экспедиции «Жайық - Урал» (июль 2018года) по маршруту: 1 этап: г.Уральск- п.Чапаево (Акжайыкский район; 2 этап: п.Чапаево (Акжаикский район) - п.Атамекен (Акжайыкский район).Общая протяженность маршрута -  более 250 км.


Координатор: отдел экологического туризма ОЦДЮТиЭ
8(7112)52-59-42


   

Страница 1 из 5

<< Начало < Предыдущая 1 2 3 4 5 Следующая > Последняя >>
joomla template