Новости


 

«Туризмге арналған ғұмыр» еске алу кеші/Жизнь, посвященная туризму!

13.06.18 16:34

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен балалар туризмі тарихы музейінде Москва балалар мен жасөспірімдер туризм және өлкетану Академиясының негізін салушы, Президенті, «Халық ағарту ісінің үздігі», педагогика ғылымдарының докторы, профессор Александр Александрович Остапец-Свешниковтың (12.06.1928-2002 ж.ж.) 90 жылдығына орай еске алу кеші өтті. Ол балалар туризмі педагогикасы мәселелері туралы 200-ден аса монография, оқулықтар мен бағдарламалардың авторы, көптеген докторанттар мен аспиранттардың ғылыми жетекшісі (21) болған адам.
Шара барысында мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, 1 минут үнсіздікпен еске алды. Қосымша білім беру педагогтары, студеттер қатысқан шараға КазИТУ проректоры Н.А.Сорокин, туризм ардагері Р.Абдушева сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. 2018 жылғы №3 «Соқпақ-Тропинка» ғылыми-әдістемелік журналы «Балалар туризмінің Менделееві» деген атаумен А.Остапец-Свешниковтің өмірі мен шығармашылығына арнап шығарылды. Әсіресе, қатысушылар музей жетекшісі Г.Е.Атаньязованың экскурсиясы арқылы ұстаздың өмірі мен шығармашылығы туралы толық танысты.

Читать полностью

   

Нағыз туристер!/Настоящие туристы!

11.06.18 17:52

"Удача" үйірмесінің шəкірттері облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі жəне экология орталығы-ЮНЕСКО клубы педагог Ж.А.Жумагазиевтің жетекшілігімен "Төңкеріс (Теректі ауд) - Январцев - Рубежка - Ақсуат - Орал қ. бағыты бойыша I дəрежелі есепті су жорығын өткізді. Ұзындығы 160 км-лік  6 күндік жорық маусымның 6-9 аралығын қамтыды.  Барлық қатысушылар өздерінің міндеттерін ойдағыдай атқарып, өздерін нағыз туристер қатарына қоса алады!
Құттықтаймыз!


Учащиеся кружка "Удача" областного центра детско-юношеского центра и экологии - клуб ЮНЕСКО, под руководством своего педагога Джумагазиева Ж. А., совершили зачетный водный поход первой категории сложности по р.Урал по маршруту: Тонкерис (Теректинский р-н) - Январцево - Рубежка - Аксуат - г.Уральск. Протяженность маршрута - 160 км. Продолжительность похода- 6 дней, с 6 по 9 июня. Все участники с задачей справились, проверили свои силы, и теперь с полным правом могут считать себя настоящими туристами!
Поздравляем!

Читать полностью

   

Су туризмі техникасынан жарысының қорытындысы/Итоги соревнований по технике водного туризма

11.06.18 17:13

7-9 маусым аралығында БҚО, Теректі ауд., Қабылтөбе ауылында оқушылар арасындағы су туризмі техникасынан облыстық жарыстар өткізілді. Жалпы 11 команда қатысты. Жаңақала ауданы мен Орал қ. қатыспады. Қатысушылар "құтқару жұмыстарын өткізу", "катамаранмен қақпадан өту", "катамаранмен өзеннің траверсін өту" қашықтықтары жəне "жүзу құралын қолдан жасау" байқаулары бойынша жарысты.
Жалпы командалық есептегі нəтиже:
1 орын - Ақжайық ауданы
2 орын - Бөрлі ауданы
3 орын - Зеленов ауданы

Читать полностью

   

Достық сапар/Визит высокой гостьи

10.06.18 07:19

Бүгін облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі жəне экология- клуб ЮНЕСКО орталығына ҚТҚ Президенті, "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ консультанты Роза Абдыхалитовна Асанбаева қонақта болып, орталықпен танысып, облыстық білім жəне кəсіпкерлік басқармаларының ұйымдастырылуымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа қала мектептерінен ұстаздар, директордың орынбасылары қатысты. Жиналыс барысында ЭКСПО-2017" көрмесінен қалған мұра- Болашақ Энергиясы" музейі - "Нұр Əлем" сферасының жасақталуы, мүмкіндіктері мен мектеп оқушыларымен ашық сабақтарды ұйымдастыруға болатыны айтылды. ТМД елдерінің арасында тұңғыш болып біздің елімізде өткізілген көрменің мұрасы оқушыларымызға, жас ұрпаққа болашақ ісіне тəжірибе жинақтауға тиімді бастама болуы мүмкін. Қонағымыз біздің өңіріміз еліміздегі балалар туризмінің көшбасшыларының бірі болып табылатынын атап өтті.

Читать полностью

   

Погодаево ауылдық округына экологиялық геологиялық экспедициясы/Эколого-геологическая экспедиция в Погодаево

07.06.18 21:20

11 – 15 маусым аралығында ОБЖТжЭО Зеленов аудандық жас туристер станциясымен бірігіп экологиялық геологиялық экспедициясын ұйымдастырады.
Экспедицияға қатысушылар  тізімі: Зеленов ауданының жас геологтар (жет. Субботина О.В.), геолого-минералогия ғылымдарының кандидаты Ефимов В.М., география ғылымдарының кандидаты Рамазанов С.К., ҚР құрметті геологы Якименко Г.А. және т.б.
Экспедиция барысында Таловая ойысы, Чапурино және Погодаево ауылдарының  төңірегін геологиялық және палеонтологиялық зерттеу жұмыстарын атқарылады.

Үйлестіруші: ОБЖТжЭО-ның экологиялық туризм бөлімі .

Читать полностью

   

2 счастливых дня? Да!!!

07.06.18 20:20


18 человек из СОШ №29 г.Актобе, в рамках Программы "Рухани жангыру", приехали в наш город ознакомиться с его достопримечательностями, получить новые впечатления, зарядиться энергией и, конечно, почувствовать себя настоящими краеведами и путешественниками! Ну а мы, в свою очередь, подготовили для гостей насыщенную программу! Экскурсии по городу, посещение музеев, спортивные игры и программы, скалодром, тир, катание на лодках... всего и не перечислить!

Отдел экскурсий областного центра детско-юношеского туризма и экологии - клуб ЮНЕСКО всегда рад гостям!
(87112) 52-59-42

Читать полностью

   

Свершилось!

07.06.18 19:39

Друзья! Сегодня официальное открытие 1-й смены летнего лагеря в ТОК "Евразия", а дети уже отдыхают по полной программе!!! Вы только посмотрите - игры, экскурсии, соревнования... В общем, программа насыщенная! А сколько еще предстоит!
И Лето только началось!
Звоните, делайте заявки! 8 (7112) 52-59-42
Ваши дети очень устали!Им нужен настоящий активный отдых!!!

Читать полностью

   

Облыстық су туризм техникасы жарысының анонсы/Анонс соревнований по технике водного туризма

06.06.18 23:06

Жарыс жастардың туристік-спорттық дайындық деңгейлерін жетілдіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, су жорықтары кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.
1.    Туристік дайындық деңгейлерін және спорттық шеберліктерін шыңдау.
2.    Туризмді және салауатты өмір салтын насихаттау.
3.    Туристік-өлкетану жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибесін анықтау және тарату.
Туризмнен облыстық жарыс 2018 жылдың 7-9 маусым аралығында Теректі ауданы, Қабылтөбе ауылында өткізіледі. Командалар далалық жағдайда орналасады. Жарысқа облыс пен Орал қаласының қосымша білім беру ұйымдары, білім беру мекемелерінің және спорт мекемелелерінің командалары қатысады. Команда құрамы 6 адамнан тұрады: 14-16 жас  4 қатысушы (3+1), 1 қосымша, 1 команда өкілі. Жарысты облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризмі және экология орталығы мен Теректі ауданы туризм орталығы бірге өткізеді.
Жарыс бағдарламасы:
1. Су туризмі техникасы  (катамаранмен қақпадан өтуі)
2. Катамаранмен өзеннің траверсін өту (500м)
3. Құтқару жұмыстарын өткізу (морковка)
4. Қайық жасау
5. Туристік тұрмыс және дағды байқауы
6. Балық аулау байқауы

Читать полностью

   

Страница 1 из 79

<< Начало < Предыдущая 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Следующая > Последняя >>
joomla template