Жаңалықтар

ОБЖТжЭО-ның 60 жылдығына арналған оқушылар арасындағы шаңғы туризм техникасынан облыстық «Ақшақар 2020» жарысының анонсы / Анонс областных соревнований по технике лыжного туризма среди школьников «Акшакар 2020» посвящённых к 60-летию ОЦДЮТиЭ

21.01.2020 01:15

Оқушылар арасындағы шаңғы туризм техникасынан  облыстық «Ақшақар 2020»  жарысы     шаңғы туризмі техникасын дамыту,  салауатты  өмір салтын насихаттау, тәжірибе алмасу мақсатында,  2020 жылдың  4-7  ақпан  аралығында Орал қаласы «Евразия» туристік-сауықтыру кешенінде өткізіледі. 
Шаңғы туризмі техникасы жарысына аудан, қала мектептерінің 8-11  сынып оқушыларынан құралған құрама командалар  қатыса алады.
Жарыс бағдарламасы:

  1. «Кросс-жорық» қашықтығы;
  2. «Жеке» қашықтығы;
  3. «Эстафета» қашықтығы;
  4. Байқаулар:
  • «Командалардың ең үздік қойылымы», Тақырыбы: ОБЖТжЭО-ның 60 жылдығы;
  • «Экспресс парақтар » байқауы;
  • «Қысқы балық аулау» байқауы;
  • «Тағамдар» байқауы;
  • «Қысқы жорық есебі» байқауы.

 

Толығырақ...

 

Природоохранная акция «Покормите птиц зимой»!

21.01.2020 01:05

Западно-Казахстанский областной центр детско-юношеского туризма и экологии  с 15 января 2020 года объявил ежегодную экологическую акцию «Покормите птиц зимой». Целью акции является  оказание посильной помощи птицам, зимующим в нашей местности, пережить морозы и недостаток пищи. Для подкормки птиц нужно устраивать кормушки. А главное, помните: ХОРОШАЯ КОРМУШКА - ЭТО КОРМУШКА, В КОТОРОЙ ВСЕГДА ЕСТЬ КОРМ!!! В акции уже приняли участие многие районные центры туризма: Сырымский, Каратобинский, Чингирлауский, Жанибекский, «Атамекен» (г.Уральск). Призываем всех принять участие в акции! Доброта начинается с малого- Покормите птиц!

Толығырақ...

   

«Құстарды көректірендірейік!» атты табиғатты аяла акциясы / Природоохранная акция «Покормите птиц зимой!

20.01.2020 22:55

ОБЖТжЭО-ғы 15 қаңтар мен 1 наурыз аралығында табиғатты аяла атты «Құстарды көректірендірейік!» жылсайынғы акциясын жариялады. Акцияның мақсаты өңірімізде қыстап қалатын құстарды қоректендіру және суықтан қорғауға қол ұшын беру. Акция барысында ОБЖТжЭО-ның қосымша білім беру педагогы Н.Б.Байсариеваның жетекшілігімен жүргізілетін «Табиғатты зерттеушілер» үйірме мүшелері құстарды құтқару акциясына белсене қатысты. Ендігі кезекте қыс бойы құстарды қоректендіруді үнемі жүргізіп отыру қажет,  өйткені қоректендіруге үйренген құстар қысты көтере алмауы мүмкін. Балалар қызығушылықпен құстарға ұя жасап алғашқы ұяларын «Бивуак» ТЭК-нің аумағына ілді. Баршаңызды «Құстарды көректірендірейік!» акциясына қатысуға шақырамыз!. Жақсылық жасаудан жалықпайық!

Толығырақ...

   

Облыстық «Әр білім мекемесінде-музей!» акциясы / Объявляется акция «В каждом образовательном учреждений – музей!»

13.01.2020 21:50

Білім беру мекемелеріндегі оқушыларды халқымыздың тарихымен таныстыру, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу, патриоттыққа тәрбиелеуде мектеп музейлерінің орны ерекше. Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  білім беру мекемелеріндегі музейлерді ашуды қолдау мақсатында 2020 жылғы 13 қаңтардан бастап   «Әр білім мекемесінде-музей!» акциясы  жарияланады. Барлық білім беру мекемелерінде (колледж, мектеп) музей ашып, музейлердің тақырыптық аясын кеңейтіп және сапасын арттыруға,  материалдар жинақтау мақсатында туристік-өлкетанулық  экспедицияларын  ұйымдастыруға  шақырамыз.
Акция жөнінде ақпаратты Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығынан Тел: 8(7112) 52-59-42, факс: 52-58-87, 8 776 900 48 00, 8 776 14830 24,  E-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек ), «Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық» бөлімінен алуға болады.

Толық оқу ... / Читать полностью...

   

Спорттық бағдарлаудан жаттығу сабағы. / Тренировочный урок по спортивному ориентированию.

09.01.2020 21:30

2020 жылдың 06 қаңтар күні Подстепный қазақ ЖОББМ базасында қосымша білім беру педагогтері Ф.С.Беркингалиев және Н.Х.Гатауов үйірмешілерге жаттығу сабағын өткізді. Қатысушылар: ОБЖТжЭО-ң орта және кіші топтары Комета, Штурм және Сакура. Жарыс Sportident құралымен өткізілді. Қашықтықты қою және төрешілікте Теректі аудандық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қосымша білім беру педагогтері Е.Р.Сагиналин және А.А.Гатауов көмек көрсетті.


06 января 2020 года на базе Подстепновской казахской ОСОШ педагоги дополнительного образования Беркингалиев Ф.С. и Гатауов Н.Х. провели тренировочный урок для кружковцев. Участники средние и младшие группы кружков ОЦДЮТиЭ: Комета, Штурм и Сакура. Соревнования проводились с помощью оборудования Sportident. В постановке дистанции и судействе оказали помощь педагоги дополнительного образования Теректинского районного центра детско-юношеского туризма и экологии Сагиналин Е. Р. И Гатауов А.А.

Толығырақ...

   

Наши туристы молодцы!!! / Біздің туристтер жарады!!!

08.01.2020 21:05

Поздравляем сборную команду ЗКО за занятые призовые места в Кубке Республики Казахстан по туристскому многоборью (техника горного туризма на искусственном рельефе, 1 этап).
Возрастная категория «Дети» - 1 место (10 команд);
Возрастная категория «Юниоры» - 3 место (11 команд).
По дистанциям «Скалы» юноши – 1 место, дистанция «Личная» юниоры – 1 место взяли. Тусип Сымбат 1 место среди девочек в личном зачете, Нариман Нурбулан 2 место среди юношей в личном зачете. Халенов Улан 3 место в личном зачете среди взрослых. В состав сборной вошли кружковцы района Акжаикского, Бурлинского, Байтерек, Жанибекского, Теректинского и ОЦДЮТиЭ. Подготовка команды велась под руководством Неталиевой К.Е, Халенова У. Соревнования состоялись в городе Алматы 4-8 января 2020 года на базе Казахской Академии спорта и туризма.

Всех победителей поздравляем!!!

 

Толық оқу ... / Читать полностью...

   

Оқушыларға арналған қысқы жаңа жылдық бағдарлама / Зимняя новогодняя программа для школьников

06.01.2020 22:55

Қысқы демалыс пен жаңа жылдық мерекелер әрбір оқушының асыға күтетін уақыты.Себебі қыс – керемет көңіл күй сыйлайтын аязды таза ауа, қарлы кез.  2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап ОБЖТжЭО-ы «Евразия» ТСК мен «Самал» ТЛ-де оқушыларға, үйірмешілерге арналған қысқы жаңа жылдық бағдарлама ұйымдастыруда. Сауықтыру лагерлерінде балаларға демалуға, демалыс уақытын тиімді пайдалануға, мәдениетті және салауатты өмір салтын қалыптастыруға барлық жағдай жасалған. «Евразия» , «Самал»   сауықтыру лагерлерінің материалдық базасы және инфрақұрылымы жақсы дамыған. Балалар үшін жайлы жылы бөлмелер, акт залы, спорт алаңдары,  топтық жұмыс бөлмелері, шаңғы базасы, жабдықталған медициналық бөлме бар. Демалысқа келген оқушылар шаңғы, коньки теуіп, тюбингімен сырғанап, спорттық эстафетада жарысып таза ауада уақыттарын жақсы өткізеді. Далада демалғаннан кейін балалар туристік кешен аумағында орналасқан асханадан түскі аспен тамақтанып, орталық педагогтары ұйымдастырған жаңа жылдық мерекелік кешке қатысады.  Біздің орталық мүмкіндігінше балалардың белсенді және қызықты демалуын қамтамасыз етеді.

Толығырақ...

   

Мектеп лига жарысының облыстық кезені / Областной этап соревнований школьной лиги

26.12.2019 21:51

Облыстық білім басқармасының бұйрығына сәйкес мектеп лига жарыстарының футзал кезеңі қорытындыланды.
Жарыстың мақсаты: Оқушыларды дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту, дарынды жас спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, мектеп оқушылары арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту.
1-кезең.11-12 желтоқсан оқушылары күндері 5-6 сынып аралығында ұлдар мен қыздар арасында  №46 ЖОББМ және №37 ЖОББМ-де футзалдан жарыс өтті. Жалпы  11 команда 114 қатысушы болды.Соның ішінде, ұлдардан 8 команда (84), қыздар 3 команда (30) қатысты.

Толығырақ...

   

Халықаралық фестиваль! / Международный фестиваль!

12.12.2019 20:53

2019 жылдың 9-10 желтоқсан аралығында «Жайық бассейніне - таза жағалау және достық қарым-қатынас» акциясы шеңберінде «Біздің Жайық - наш Урал» экологиялық – туристік қозғалысының ұйымдастыруымен  қалалық «Атамекен» орталығы базасында және Жастар мен оқушылар сарайында  халықаралық фестиваль өтті. Фестивальге біздің облыс аудандарының командаларымен қоса, қонақ ретінде көршілес Ресей Федерациясының Орынбор облысының  Ташлинский, Первомайский, Илек  аудандарының және Орынбор қаласынан келген командалар қатысты. Фестиваль қорытындысы бойынша әділқазылар алқасының шешімімен біздің тәрбиеленушіміз Аймагамбетова Салтанат жетекшісі Н.А.Капустина фестивальдің үздік қысқа мәтінді суреті және үздік бейнеролигі аталымында орталықтың «Жайық-Урал» ролигі үздік деп танылды.

Толығырақ...

   

«Туристік-өлкетану қызметінің кеңістігі: тәжірибе, ізденіс, қорытынды және жаңа міндеттер» семинар-кеңес қорытындысы / Итоговая информация о семинар- совещании директоров центра туризма

12.12.2019 20:15

Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы оқу-әдістеме бөлімінің ұйымдастыруымен 2019 жылдың 10-11 желтоқсанында «Туристік-өлкетану қызметінің кеңістігі: тәжірибе, ізденіс, қорытынды және жаңа міндеттер» атты туризм орталықтарының директорларына арналған семинар-кеңес өтті. Семинар кеңеске Аудандық, қалалық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталықтары мен Жас туристер станцияларының директорлары қатысты. Семинар-кеңеске Жаңақала аудандық жас туристер станциясының директоры (Есмағұлов А.Ф) қатыспады.
Қатысушылар 10 желтоқсан күні 2019 жылғы атқарылған жұмыстардың есебін тапсырып, өткен жылды қорытындылады.
11 желтоқсан күні өткен семинар-кеңес орталықтың психологы А.Абаеваның өткізген тренингісінен басталды. «Құбыр» тренингі ұжым басшыларының бірлігін, ынтымақтастығын нығайтуға бағытталса, «Достық торы» тренингі арқылы бір-біріне достық қарым-қатынас ахуалына бағыттап, жұмысқа деген ынта – жігерін арттырды.

Толығырақ...

   

Колледж лига жарыстарының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы / Областной этап соревнований лиги колледжей

12.12.2019 19:39

Колледж лига жарыстарының облыстық кезеңінің қорытындысы

Облыстық білім басқармасының 2019 жылдың 22 қарашадағы №780 бұйрығына сәйкес, желтоқсан айының 3,5,7 күндері Бөрлі ауданы,Бөрлі колледжі басзасында  колледж оқушылары арасындағы волейбол,баскетбол және шағын футболдан облыстық кезеңі өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаты  – оқушыларды дене шынықтыру және спорт жүйесі сабақтарына назарын аударту, дарынды жас спортшыларды анықтау, салауатты өмір салтын насихаттау, колледж студенттері арасындағы спорттық ойын түрлерін дамыту.

Толығырақ...

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
joomla template