Жаңалықтар

«Батыс Қазақстан облысындағы туристік-өлкетану қызметінің әдістемесі» атты кітабы жарық көрді

04.03.2020 20:14

Сүйінші! Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығында «Батыс Қазақстан облысындағы туристік-өлкетану қызметінің әдістемесі» атты кітабы жарық көрді.
Кітап оқу-әдістемелік құрал түрінде жазылды. Кітаптың авторы – Фомин Виктор Павлович. Ол Батыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығын отыз үш жыл бойы басқарған, педагогика ғылымдарының кандидаты, республикалық қосымша білім беру ұйымдары директорларының үйлестіру кеңесінің төрағасы және А.А.Остапец-Свешников атындағы Халықаралық балалар-жасөспірімдер туризм және өлкетану академиясының вице-президенті болған.
Кітаптың рецензенттері:
- Абдулхаиров Абжемиль Закерьянович, Қырым инженерлік-педагогикалық университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндер доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты, А.А.Остапец-Свешников атындағы Халықаралық балалар–жасөспірімдер туризм және өлкетану Академиясының академигі.
- Мазбаев Орденбек Блисбекович, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «ҚазақСақ» компаниясының директоры.

Толығырақ...

 

1-наурыз Алғыс айту күніне арналған ОБЖТжЭО үйірме оқушылары арасындағы шахмат, дойбы жарысының өткізілуі туралы қорытынды ақпарат

02.03.2020 23:49

1 наурыз күні елімізде дәстүрлі атап өтілетін Алғыс айту күніне орай ОБЖТ ж Эо үйірмешілері  аралығында, интелектуалдық спорттық ойындарды  оқушылар арасында танымал ету, үйірмешілерді дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту және олардың аналитикалық, ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсатында «Самал» туристік лагерінде шахматтан және дойбыдан жарыстар ұйымдастырылды.
Шара 3 жас ерекшелігі (кіші топ, орта топ жоғары топ) бойынша өткізіліп, барлығы 17 үйірмеден 54 оқушы қатысты.
Жарыс швейцарлық тәсіл бойынша өткізілді. Жеңімпаздар жарыс хаттамасына сәйкес анықталынып, дипломдармен медальдармен марапатталды.

Толығырақ...

   

Үйірмешілердің жетістігі!

02.03.2020 21:38

2019 жылғы 4 желтоқсан – 2020 жылғы 17 ақпан аралығында  ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мектепке дейінгі, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында "Балалық шағымның аспаны. Тарих. Мақтаныш" республикалық байқауы өткізілді. Байқауға облыстық экологиялық туризм бөлімінің үйірмешілері қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Тимур Утешев - 2 орын (15-17 жас) және Никита Плешаков - 3 орын (11-14 жас) жет.Н. А. Капустина, Адина Тулясова және Максим Петров – 3 орын (7-10 жас) жет.Петченко С. В.. Елена Арент, Тамирлан Есмуратов, Камилла Кондудаева, Ясмин Қуанышқалиева, Ерасыл Накенов, Регина Труханова, Карина Кожуховалар сертификаттарға ие болды. Жетекшілері С.В. Петченко мен Н.А. Капустинаға алғыс хаттар табысталды. Құттықтаймыз!

Толығырақ...

   

Кезекті жеңіс

02.03.2020 20:25

2020 жылдың 27 ақпан – 1 наурыз аралығында Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылының «Звездный» базасында шаңғы туризм техникасынан Қазақстан Респкбликасының Туристік көпсайысынан ашық Чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық аймағынан жалпы саны 21 команда қатысты. Облысымыздың құрама командасынан 3 жас ерекшелігі (балалар, жасөспірімдер, ересектер) бойынша қатысты. Команда сапында Ақжайық ауданы, Бәйтерек ауданы, Орал қаласының және ОБЖТжЭО-ның үйірмешілері. Жарыс ережелеріне сәйкес барлық жас ерекшелігіндегі қатысушылар «Техникалық», «Жеке», «Кросс-жорық» қашықтықтарында өз шеберліктерін көрсетті.

Толығырақ...

   

Облыстық «Қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру» семинары немесе Краудсорсинг форматында семинар өтті

29.02.2020 11:13

Облыстық білім басқармасының 21.02.2020 №3-10/897 хатына сай Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 25-27 ақпанында Облыстық «Қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру» атты семинар краудсорсинг алаңында өтті. Семинарға Батыс Қазақстан облысы аудандарының балалар–жасөспірімдер туризм орталықтары (станция) директорының орынбасарлары мен өлкетану бөлімінің меңгерушілері мен мектеп музей жетекшілері, барлығы 41 педагог қатысты. Семинар мәдени тәжірибе, теориялық тәжірибе және шеберлік тәжірибе алаңдары бойынша ұйымдастырылды.
Мәдени тәжірибе алаңы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты экскурсия түрінде өткізілді. Модераторы экскурсия бөлімінің меңгерушісі Гүлия Галымқызы Дүйсекенова. Қатысушыларға Темір жол бекетінің музейі – ҚазИИТУ музейі –Жәңгірхан атындағы музейіне экскурсия жасалды.

Толығырақ...

   

«Ұлпақар 2020» жарысы

28.02.2020 21:47

22 ақпан күні облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының туризм және қауіпсіздік маршруттар бөлімінің ұйымдастыруымен үйірмешілер арасында «Ұлпақар 2020» шаңғы туризм техникасы мен тактикасынан жарыс өткізілді. Бағдарламаға сай туризм  және қауіпсіздік маршруттар бөлімі, спорттық бағдарлау, өлкетану, экология бөлімдерінің үйірмешілері орта және үлкен топтар бойынша сайысқа түсті. Түске дейін өлкетану, экология бөлімдерінің үйірмешілеріне «шаңғы кедергілер жолағы» қашықтығы, түстен кейін туризм және спорттық бағдарлау бөлімдерінің орта топ үйірмешілеріне «эстафета» қашықтығы, жоғары топ үйірмешілеріне  «кіші кросс-жорық» қашықтығы өткізілді.

Толығырақ...

   

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған шаңғы жорығы.

25.02.2020 21:26

2020 жылдың 21-22 ақпан аралығында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Музей белсенділері» үйірмесі (жетекшісі Ескалиева Г.Т)  «№49 ЖОББМ-«Евразия» ТСК- Октябрь ауылы-«Евразия»ТСК-№49 ЖОББМ» маршрутымен туған өлкені сүюге, табиғатын аялай білуге тәрбиелеу, еңбек және тыл ардагерлерімен кездесу, балалар туризмін дамытуға үлес қосу, өлке тарихын жинақтау мақсатында шаңғы жорығы ұйымдастырылды.   
Жорық  алдында жорық бұйрығы, жорық жобасы, жоспары, оқушылар тізімі бекітіліп, ата – аналардан қолхат алынып, әр оқушыға жорық міндеттері бөлініп, тапсырма берілді. Жорыққа қатысушылар жол жүру ережелерімен танысып, сынақ тапсырды.  8 шақырымдық танымдық шаңғы жорығы қызықты әрі туристік-өлкетанулық түсінікке сай жоспарлы орындалды.

Толығырақ...

   

Үйірмешілерінің жетістігі!

22.02.2020 21:10

Жуырда «Өлкетану және аймақарлық ынтымақтастық» бөлімінің қосымша білім беру педагогтары сырттай байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
«ASIA EDUCATION» Халықаралық даму орталығының Республикалық «Үздік фототуынды - 2020» атты байқауында «Руханият» үйірмесі  (жет. Г.Ескалиева) -1 орын, «Жайық жұлдыздары» үйірмесі (жет.Қ.Қайырлиева) – 3 орындарды иеленді. Сонымен қатар, «Халықаралық ғылыми тәжірибе» Республикалық қашықтық олимпидалар орталығының ұйымдастыруымен өткен мектеп оқушылары арасындағы «Қыс қызығы» атты байқауда  І орынды «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің (жет. Р.Альмуханова) оқушысы Бейбітқызы Айкөркем жеңіп алды.

   

Шаңғымен спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионатының қорытындысы туралы ақпарат

19.02.2020 20:27

2020 жылдың 10 - 15 ақпан аралығында «Евразия» туристік сауықтыру кешенінде спорттық бағдарлаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты спортшылардың спорттық бағдарлау дайындығын дамыту, спорттық бағдарлауды спорт түрі ретінде насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, әлемдік, азиялық жарыстарға үздік спортшыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Жарысқа республикамыздың өңірлерінен 160 қа жуық қатысушымен 7 команда қатысты: Батыс Қазақстан облысы,  Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы, Ақтөбе облысы командасы.

Толығырақ...

   

Үйірмешілер жетістігі.

18.02.2020 21:15

БҚО Бөрлі ауданының бокс спорт түрінің құрылғанына 30 жыл толуына орай 2020 жылдың 13-16 ақпан күндері 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында Ақсай қаласының «Қарашығанақ» спорт кешенінде әуесқой бокстан аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Турнирге барлығы 23 командадан 177 спортшы қатысып бақ сынады. Аталған шараға ОБЖТжЭО қосымша білім беру педагогі, жаттықтырушы Д.Қуанышалиевтің «Алтын қолғап» үйірмесінің  оқушыларыда қатысып жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Жарыс қорытындысы бойынша Мұрат Ершат – 3 орын және Талапов Ақболат – 3 орын иеленіп өте жақсы тәжірибе жинақтап қайтты.
Айта кету керек бұл оқушылар облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығына облыстық білім басқармасының бұйрығының негізінде 2018 жылы енгізілген «Дене шынықтыру және спорт» бөлімінің жанынан ашылған,  Даурен Қуанышалиев жетекшілік ететін бокс үйірмесіне алғашқы жыл қатысып жүрген жасөспірімдер.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз, алар асуларыңыз көп болсын!

Толығырақ...

   

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Колледж студенттерінің Спартакиадасының» шеңберіндегі қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық жарыстарының облыстық кезеңінің өткізілуі туралы ақпарат.

18.02.2020 20:06

17-18 ақпан күндері аралығында Облыстық білім басқармасының 2020 жылғы жоспарына сәйкес «Деркул» спорт кешенінде колледж студенттері аралығындағы І-ші Спартакиаданың шеңберінде қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық жарыстарының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.
Жарысқа Орал қаласынан және БҚО колледждерінен 16-18 жас аралығындағы жастар қатысты.

1.    Қазақ күресі жарысы.
8 салмақ дәрежесі бойынша ұлдар және 6 салмақ дәрежесі бойынша қыздар, барлығы 16 команда 130 спортшы қатысып бақ сынады.
5- аудан командалары(Ақжайық, Жәнібек, Казталов, Жаңақала, Теректі аудандары), 11- облыс, қала колледж командалары.
Жарыс қорытындысы бойынша спортшылар төмендегідей нәтиже көрсетті.

Толығырақ...

   

Тағы хабарламалар...

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
joomla template