Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Соғыстың үшбу хаттары» жинағы шықты.

13.05.2020 21:51

Жауынгер хаттарынан

 

Құйғытып аспан көгінде,
Құлдырап құстай, сәлем хат.
Жетші сен туған жеріме,
Жеткізші менен аманат.

Тайпақтан сонау тапшы іздеп,
Майданшы солдат анасын.
«Қарағым қашан қайтар»-деп,
Сағынған шығар баласын...

Адаспай баршы, сәлем хат,
Ардақты Жайық бойына.
Ұлдарын күтсін – аманат,
Сайлансын Жеңіс тойына.

 

 

 

 

 

Жұбан Молдағалиев

«Соғыстың үшбу хаттары» жинағы - жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, ерлікке жетелейтін, тәуелсіздігімізді сақтап қалатындай жалынды жастарды тәрбиелеуге пайдаланатын өзекті, құнды жинақ. Жас ұрпаққа 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының Жеңісі қандай жолмен келгенін түсінуге, түйсінуге жинақтың көмектесуі сөзсіз.
Жұмыстың жаңашылдығы автор мен жас өлкетанушылар іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, интернет, мұрағаттар арқылы хат иелерін іздеп, қаза тапқан жерлерін, уақытын, жерленген жерлерін анықтауға қол жеткізуі.

Толығырақ...

 

Облыстық «Қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру» семинары немесе Краудсорсинг форматында семинар өтті

29.02.2020 11:13

Облыстық білім басқармасының 21.02.2020 №3-10/897 хатына сай Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 25-27 ақпанында Облыстық «Қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру» атты семинар краудсорсинг алаңында өтті. Семинарға Батыс Қазақстан облысы аудандарының балалар–жасөспірімдер туризм орталықтары (станция) директорының орынбасарлары мен өлкетану бөлімінің меңгерушілері мен мектеп музей жетекшілері, барлығы 41 педагог қатысты. Семинар мәдени тәжірибе, теориялық тәжірибе және шеберлік тәжірибе алаңдары бойынша ұйымдастырылды.
Мәдени тәжірибе алаңы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты экскурсия түрінде өткізілді. Модераторы экскурсия бөлімінің меңгерушісі Гүлия Галымқызы Дүйсекенова. Қатысушыларға Темір жол бекетінің музейі – ҚазИИТУ музейі –Жәңгірхан атындағы музейіне экскурсия жасалды.

Толығырақ...

   

Халықаралық «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін жүзеге асырудағы кластерлік тәсіл» атты форумы өтті !!!

14.11.2019 21:08

Орал қаласында 2019 жылдың 10-12 қарашасында өткен Халықаралық «Қосымша білім беру жағдайында балалар-жасөспірімдер туризмін жүзеге асырудағы кластерлік тәсіл» форумына (келесіде: форум) Қазақстан Республикасының Нұр-сұлтан, Атырау, Алматы, Қызылорда, Павлодар, Ақтау қалалары мен Түркістан облысынан және Ресей мемлекетінің Москва, Орынбор, Симферополь қалалары мен Татарстан Республикасынан келген ғалымдар, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтары қатысты.
Форумда Батыс Қазақстан облысы мен Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер туризмін, ішкі және кіру туризмін дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы мен Қазақстандық туризмді дамытуға, ТОП – 50 туристік нысандардың құрамына енген - Батыс Қазақстан облысы балалар және жасөспірімдер туризмі кластерінің қызметін насихаттау талқылады.

Толық оқу ... / Читать полностью...

   

Облыстық тамыз кеңесінің туристік-өлкетану және экологиялық бағыттағы секциялық отырысының қорытындысы

23.08.2019 21:35

2019 жылдың 22 тамызында Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында «Заманауи білім беру саясаты контекстіндегі қосымша білім берудің даму тенденциялары мен перспективалары» секциялық отырысы өтті. Отырысқа қосымша білім беру саласындағы туристік-өлкетану және экологиялық бағытында жетекшілік ететін әдіскерлер, педагогтар, балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталықтары мен жас туристер станцияларының басшылары қатысты. Қатысушылар саны - 93.
3DX форматында өткізілген отырыстың скиперлері - Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары Ж.К.Сұлтан, музей ісінің ардагері С.Е.Танабаева, «DANAQaz» республикалық тарихи-танымдық журналының редакторы, өлкетанушы, журналист Н.Н.Сафуллин, облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директорының орынбасары Г.З.Усағалиева болса, МДЖОТжКББҰ ООӘК арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімінің әдіскері Сабирова Айнұр Асқарқызы модераторы болды.

Толығырақ...

   

Утешев Нариман Сулейменович - еңбек ардагері, «Жайық-Орал» экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы / Утешев Нариман Сулейменович – ветеран труда, председатель ОО «Экологическое движение Жайык –Урал»

23.05.2019 22:04

Батыс Қазақстан облысы, Фурманов ауданы 1939 жыл 16 мамырда дүниеге келген. Қазақ химия технология институты, Сталинград халық шаруашылық инженерлік институтын тамамдаған.
Утешев Нариман Сүлейменұлы – жоғары білікті еңбек ардагері,  «Жайык-Орал»  экологиялық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы,  Оның еңбек жолы халық шаруашылығымен тығыз байланысты. Өз қызметінің 20-дан астам жылын өлкенің экологиялық жағдайын жақсартуға арнады. Ол «По следам Правдухина», «Жайық-Урал» экспедициясының ұйымдастырушысы, қолдаушысы, әрі мүшесі. Экспедицияларға қатыса отырып, Жайық өзенінің мәселелерін шешуге атсалысты. «Река с простым названьем - жизнь» кітабында «Жайық-Урал» экологиялық очеркгі (2001 ж.), «От В.Правдухина к волнам Седого Каспия» кітабында «Экосистема Урала: прошлое и настоящее» (2002 ж.), «Тұрғындарды экологиялық  мәдениетке тәрбиелеу. Орал өзені бассейнін қорғау және қалпына келтіру» атты мақалалалары жарияланды. Өз мақалаларында Жайық өңірінің табиғаты мен экологиялық проблеммаларын көтеріп, оны шешу жолында шаралар ала білген басшы. «Экология саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

Толығырақ...

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
joomla template