Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімі

Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімі облыс көлемінде жасөспірімдер бойына өлкенің тарихын таныту, патриоттыққа тәрбиелеу мақсатында жыл сайын «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетануэкспедициялық жасақтарының слетін, «Жайық толқыны» өлкетану фестивалін, «Туған жер – алтын бесік» өлкетану олимпиадасын, «Әр мектепте мұражай!», «Әр білім беру мекесінде музей» акциясын, «Жайық самалы» радиовикторинасын,аймақаралық-шекаралық «Мәңгі бірге» туристік – өлкетану экспедициялық жасақтар слетін, «Ерлігің ұрпақ есінде» патриоттық акциясын, «Шырқаған жастық шақ» бард фестивалін, «Үздік мектеп музейі» фестивалін ұйымдастырып өткізеді.Бөлімнің ұйымдастыруымен «Орта ғасырлық Жайық қалашығы», «Ақжайық романының ізімен», «Ерлікке тағзым», «Орда шежіресі – өлке шежіресі», «Қойнауы сырға толы ауылым», «Қазақстанның жеті кереметі» өлкетану экспедициялары өткізіліп келеді. Бөлім жанында 12 үйірмеде 150 дей оқушы өлкетану ісімен шұғылданады.«Жайық толқыны» өлкетану фестивалінің буклеті, «Соғыстың үшбу хаттары» жинағы, Мектеп музейінің паспорты, «Мектеп музейінің жинағы» каталогын шығарылды.2012-2013 жылдары «Өлкетану» кітабы республикалық «Әдістемелік вернисаж» байқауынан I орын жеңіп алды.

joomla template