«Әкелер күні» мерекесіне орай, көпбейінді спорттық туризмнен «Менің әкем – Турист» ашық онлайн жарысы туралы

21 маусым «Әкелер күні» мерекесіне  орай, көпбейінді спорттық туризмнен «Менің Әкем - Турист» атты онлайн ашық жарысы челлендж түрінде бастау алды. Челлендж 2020 жылдың 15-30 маусым аралығында өтеді. Жеңімпаздар 2020 жылдың 6 шілде күні анықталып, марапатталады.  Жарыс қатысушылардың туризмге деген қызығушылығын арттыру, туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық ұйымшылдықты дамыту (ата-анамен баланың қарым-қатынасын белсендіру)  мақсатында өткізіледі.
Бағдарламаға сай, жарысқа әкесі және 2005-2015  жыл аралығындағы ұл-қыздар қатыса алады. Жарыс 8 кезеңнен тұрады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығында ережеге сай, жарыс алаңының қашықтығы құрылып, челлендждің алғашқы ұл-қыздардың қатысушылары Джанашев Исатай, Кубашев Ренат, Сарсенгалиев Фархат, Курмангазиев Ерулан және Джумагазиев Жасталап өз  бақтарын сынады.  
Бұл туристік эстафетаны барлық Батыс Қазақстан облысының Әкелері қабылдап жалғастырады деген ойдамыз. Қатысушыларға жақсы көңіл – күй мен жеңіс тілейміз!

joomla template