Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» облыстық интернет - байқауы

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы  «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» және «Еріктілер жылы» аясында «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауын өткізеді.
Мақсаты: Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, Қазақстандықтардың ерен ерліктерін бағалай білу мақсатында жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу.
Облыстық байқауға БҚО-ң аудандары мен Орал қаласының 7-10 сынып оқушылары қашықтан қатысады.
Байқау 2 бөлімнен тұрады:
I бөлім – «Менің ауылым – соғыс  жылдарында» (іздестіру – зерттеу  
жұмыстарын қорғау);
ІІ бөлім  – «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет» (Челлендж).

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» облыстық интернет - байқауын қашықтықтан өткізу ережесі

joomla template