Тоғызқұмалақтан қашықтықтан, онлайн форматта облыстық турнир өткізілуі туралы қортынды ақпарат

Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы,  Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы және облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология  ортылығы ұйымдастыруымен 2020 жылдың 20-29 сәуір күндері аралығында оқушылар арасында тоғызқұмалақтан облыстық онлайн турнирі өз мәресіне жетті. Тек Бөкей ордасы ауданының оқушылары белгісіз себептермен қатыса алмады, қалған  барлық аудандардан және Орал қаласынан  32 ұл бала мен  32 қыз бала қатысып, барлығы 64 оқушы бақтары мен баптарын осы онлайн жарыс арқылы сынады. Жарыс өте тартысты да қызықты болды.Жарыс интернет аланында iggamecenter.com бағдарлммасы арқылы  олимпиадалық жүйемен өткізілді.
Нәтижесінде, ұлдар арасында:
1 орын- Нургазин Әбілмансур(Бәйтерек ауданы)
2 орын- Есімбек Әсетхан (Тасқала ауданы)
3 орын- Нұрғазин Бейбарыс( Орал қаласы)
3 орын-Джумагулов Айдын (Бөрлі  ауданы)

Қыздар арасында:
1 орын- Нургазина Айшабибі(Бәйтерек ауданы)
2 орын- Сайфеденова Камила (Жәнібек ауданы)
3 орын- Мұғал Назерке (Орал қаласы)
3 орын- Шынболат Айзат (Бөрлі ауданы)

Жеңімпаздармен  және олардың жаттықтырушыларын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

joomla template