«Біз Жеңіс мұрагеріміз!» акциясы

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұжымы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткізіліп жатырған «Біз Жеңіс мұрагерлеріміз» атты акция аясында гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты Ұлы Отан соғысындағы Қазақстандық жауынгерлердің Ұлы ерліктеріне тағзым етіп, құрмет көрсету және олардың ескерткіштеріне гүл шоғын қою болып табылады.
Салтанатты шара барысында Г.К.Жуков ескерткішіне жиналыпҰлы Отан соғысында құрбан болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.        
Гүл шоқтарын қою рәсімі барысында ОБЖТжЭО-ның директоры Ғ.И.Бекқалиев «Уақыт өткен сайын кешегі күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары да арасын аулақ салып, алыстап барады.Біздің аталарымыз бен әкелеріміз, аналарымыз сын сағатта өз міндеттерін абыроймен орындап шықты. Ендігі жерде соғыс және еңбек ардагерлерінің ерлік дәстүрлерін, Отанын, елін, жерін шексіз сүю сезімдерін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыру  қазіргі ұрпақтың парызы» - екендігін атап айтты.
Елбасының сындарлы саясаты арқасында біздің еліміз бірлік пен тұрақтылықты, келісімді ту етіп, бейбіт аспан астында өмір сүруде.

joomla template