Облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтары слетінің анонсы

Батыс  Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығы «Ұлы  Жеңістің 75 жылдығы» аясында  2020 жылғы 17-19 наурыз күндері облыстық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының слетін өткізеді.
Слеттің мақсаты: жасөспірімдерді  азаматтылық пен отаншылдыққа тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау.
Слет үш кезең бойынша өткізіледі:               
1) мектепішілік (іріктеу) кезең;
2) аудандық кезең;
3) облыстық кезең.
Слет: «Туған өлке соқпақтары», «Сөнбес жұлдыздар», «Туған өлкенің тарихы», «Экологиялық соқпақ», «Бард әндері» бағыттары бойынша өтеді.
Облыстық байқауға аудандық (қалалық) кезеңдерде үздік нәтижелер көрсеткен БҚО-ң аудандары мен Орал қаласының білім алушылары қатысады.

joomla template