Облыстық «Қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру» семинары немесе Краудсорсинг форматында семинар өтті

Облыстық білім басқармасының 21.02.2020 №3-10/897 хатына сай Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 25-27 ақпанында Облыстық «Қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру» атты семинар краудсорсинг алаңында өтті. Семинарға Батыс Қазақстан облысы аудандарының балалар–жасөспірімдер туризм орталықтары (станция) директорының орынбасарлары мен өлкетану бөлімінің меңгерушілері мен мектеп музей жетекшілері, барлығы 41 педагог қатысты. Семинар мәдени тәжірибе, теориялық тәжірибе және шеберлік тәжірибе алаңдары бойынша ұйымдастырылды.
Мәдени тәжірибе алаңы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына «Жеңіс даңқы мәңгілік» атты экскурсия түрінде өткізілді. Модераторы экскурсия бөлімінің меңгерушісі Гүлия Галымқызы Дүйсекенова. Қатысушыларға Темір жол бекетінің музейі – ҚазИИТУ музейі –Жәңгірхан атындағы музейіне экскурсия жасалды.

Маршрут бойынша бірінші Темір жол бекетінің музейіне барып темір жол ардагері, музей жетекшісі Михайл Тихонович Надточийдің «Орал қаласы Ұлы Отан соғысы жылдарында» тақырыбында өткізілген экскурсиясымен таныстырылды. Экскурсия барысында Батыс қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы айтылды. Заманауи ұрпағымызды тәрбиелеуде соғыс ардагерлері мен батыр қазақстандықтардың мәңгілік ерліктерін үнемі есте сақтауы және ұлтжандылыққа тәрбиелеуді мақсат тұту туралы әңгімеледі.
Қазақстан инновациалық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғылыми-білім орталығының ректоры Г.Е.Каирлиева «Әскери даңқ» музейіне экскурсия ұйымдастыра отырып, осы орталықтағы HI-Tech көрмесімен, яғни баламалы қуат көздерін насихаттайтын құрылғылармен, мекеменің жұмыс ерекшеліктерімен, бұл саладағы сұранысқа ие мамандықтарымен жақын таныстырды. Заманауи тұлғаны осы бағытта да тәрбиелеуге баса назар аударуға көңіл бөлу қажеттілігін аңғартты.
Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейде педагогтардың көңілін ерекше аударған этнография залы, онда киіз үй жабдықтары, тұрмыс заттары, ерлер мен әйелдер киімдерінің үлгілері, зергерлік бұйымдар, қазақ халқының тұрмысы тарихымен танысты. Экскурсияда заманауи тұлғаны ұлттық құндылықтан, ұлттық тамырдан ауытқытпай тәрбиелеу мақсаты көзделді.
Теориялық тәжірибе алаңы «Қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру» тақырыбында өтті. Краудсорсинг әдісімен өткен семинардың модераторы директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлсім Задашқызы Усағалиева жүргізіп, қатысушыларды семинардың мақсаты мен бағдарламасымен таныстырды.
Семинарды ОБЖТжЭО-ның директоры Ғалым Ибатоллаұлы Бекқалиев ашып, педагогтардың бала тәрбиесіндегі еңбектеріне жеміс, семинар жұмысына табыс тіледі.
«Краудсорсинг әдісі» туралы ғылыми-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Құралай Жауынбайқызы Қайрлиева таныстырды. Краудсорсинг жобаларына тек сарапшылар мен білікті мамандар ғана емес, сонымен қатар қызық идеялары мен өз ойларымен бөлісуге дайын қарапайым интернет пайдаланушылары қатыса алатындығын, пайдаланылу саласы мен артықшылығы туралы баяндады.
Семинар спикерлері ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бас маманы Ринат Ганиматұлы Мұратов «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында сөз қозғап, заманауи тұлғаны адалдыққа, адамгершілікке баулуға бағыттауды ұсынса, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы біліктілікті арттыру ұлттық Орталығының пдагогикалық музей ісі жөніндегі бас маманы Айымжан Аманжолқызы Нурмашева «Қосымша білім беру ұйымдарында жеке тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптастыру» бағытында заманауи тұлғаны шығармашылыққа баулуды ұсынды.
Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Земфира Исатайқызы Қойшыбаева «Тұлғаны тәрбиелеу бағытында сақталатын санитарлық нормалар мен ережелер» тақырыбында тәрбиелі, заманауи ұрпақты тәрбиелеуде денсаулығына аса мән беруді баса назарға алуды ұсынса, Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Нұрлы Максимқызы Жақсылыковна «Төтенше жағдайлар кезінде балаларға шұғыл психологиялық көмек көрсету» бағытында тұлғаны салқынқандылыққа, сабырлылыққа баулуды және алғашқы көмек көрсету кезіндегі психологиялық тренингтерді түсіндірді.
Ой-талқы бөлімінде орталықтың өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Райгүл Сағыналіқызы Альмуханова «Өлкетану қызметінде балаларды өз тарихын білуге тәрбиелеу», экологиялық туризм бөлімінің меңгерушісі Ниязбек Хамидоллаұлы Гатауов «Оқушыларды экологиялық сауаттылыққа тәрбиелеу» және директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Айгүл Батырғалиқызы Адилова «Бала тәрбиесінде үйірме қызметінің ролі» бағыттарында сөз сөйлеп пікір алмасты.
Қатысушылардың талқылауымен қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру моделі жасақталды. Заманауи тұлғаны дамытуда білімділікті дамыту, сенімділікті арттыру, рухани байлығын нығайту, шығармашылығын арттыру, денсаулығына анзар аудару, тарихын құрметтеп, тарихи-танымдылығы мен қабілеттілігін кітап оқу арқылы арттыру, патриоттыққа, ұлтжандылыққа бағыттау, үлгілі, жан-жақтылықтарын үйірмелер арқылы дамыту, тазалыққа баулу, заңға бағынушы, адал, жанашыр, адамгершілігі мол жан болуға үйрету, экологиялық сауаттылығын басты назарға алуды көздеді. Семинар тақырыбына сай ұсынылатын жаңа ұсыныстар мен пікірлер Turizmzko.kz сайтындағы краудсорсинг алаңына жолдану сұралды.
Семинардың әдістемелік тәжірибе алаңын Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық бөлімінің меңгерушісі Райгүл Сағынәліқызы Альмуханова өткізді.
Қатысушылар Орал қаласындағы №36 М.Ықсанов атындағы ОЖББМ-нің музей жетекшісі Кадрешова Салтанат Мажитовна «Өшпес есімдер» (Т.Масин. Х.Доспанова, М.Ықсанов) тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
М.Маметова атындағы музей –үйінің меңгерушісі Бектенова Светлана Саржанқызы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты ерлік сабағын өткізді.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозиция және көрмені жабдықтау бөлімі бойынша ғылыми қызметкері Меңдіғалиева Күміс Шәріпқалиқызы «Экспозиция және көрмені жабдықтау» (акт, коррекционка толтыру), қор бөлімі меңгерушісі  Оразова Іңкар Серікқызы мен музейінің бас қор сақтаушысы Бақитова Гүлжазира «Қор бөлімінің құжаттар толтыру жұмысы және музей» атты шеберлік сыныптарын өткізді.
Семинар соңында қосымша білім беру ұйымдарында заманауи тұлғаның болмысын қалыптастыру мақсатында ұсыныстар қабылданды.

 

Фотогалерея

joomla template