Бірыңғай семинар – практикум

«Менің Отаным – Қазақстан» бірыңғай семинар – практикумының қорытындысы (жорық)

 

«Менің Отаным – Қазақстан» бірыңғай семинар – практикумының қорытындысы (жорық)

Туристік-өлкетану арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің бір жолы – туған жердің тарихымен таныстыру. Әрбір жас өзінің кіші Отаны–туған аймағында тарихы таңғажайып жәдігерлер барын, олардың мән-маңызын білгенде ғана туған өлке тарихын білуге, құрметтеуге деген сезімі оянады. Аса зор танымдық мәні бар туристік-өлкетану іс-әрекеттері жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстар балалардың өз ықыластарын арттырып, дербестігін оятатын, қызыға қабылдап, белсене араласатын туристік-өлкетану жорықтары, саяхаттары, экспедициялары арқылы жүзеге асатыны белгілі.
2018 жылдың  15  қыркүйегінде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру барысында білім беру мекемелерінде  «Менің Отаным – Қазақстан» семинар – практикумы жорық түрінде өткізілді. Өлкетану жұмыстарының қызықты түрлері: жорық, саяхат, экскурсия, экспедициялардың тәрбиелік мәні зор.
Елбасымыздың «...Патриотизм туған үйімен, туып-өскен өңірден басталады. Біз кіші Отанымыз арқылы бүкіл Қазақстанды сүйеміз» деген сөзі туған жерінің тарихы мен мәдениетін білу, зерттеу үшін, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту мақсатында облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы барлық білім беру мекемелерінде семинар – практикумы жорық түрінде өткізілсін деп ұсыныс жасайды.
Семинар-практикумның мақсаты барлық білім беру мекемелеріндегі жетекшілерді, оқытушылар мен мұғалімдерді, тәрбиешілерді жорық, экспедиция, экскурсия және туристік – өлкетану қызметінің басқа да түрлері бойынша жалпылама практикалық дайындау. Практикалық дайындау барысында педагогтар туған өлкенің көрікті жерлеріне саяхат жасап,  халықтың ұлттық мәдени өмірімен, туған өлкенің табиғи байлықтарымен, тарихи және табиғи ескерткіштерімен  танысып, туристік біліктіліктерді меңгерді.
Ширек ғасырдан артық «балалар туризмінің өнегелі ордасы» атанған Батыс Қазақстандық ұстаздарға бұл бағыттағы жұмыс қиындық келтірмеді деуге болады, себебі биылғы тамыз кеңесінің секциялық отырысында да баяндалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Туристік-өлкетану қызметінің ең қызықты түрі - жорық, экскурсия, экспедицияларда жаңа, қызықты маршруттарды да кездестіруге болады. Мысалы: «Қаратөбе –Жусандой-Қаратау би кесенесі – Қаратөбе», «Борсы-Қаракөлең-Кіші Қараш көлі - Борсы», «Круглоозерный ЖОББМ - Озерный тоғайы - Көшім каналы - Круглоозерный ЖОББМ»,   «Саралжын – Қызылой – Бескөл – Саралжын», «Жәңгір хан мектебі – Боздақтар, Жәнекешев, М.Мәметова ескерткіштері – Кесенелер – Еврей қарағайы – Жәңгір хан мектебі», Хамза Есенжановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Шалқар к.- Шұғыл е.м.- Шалқар к.», «Жаңақазан-Балдырған елді мекені-Жұлдыз-Көктерек» т.б.  Жалпы жорық түрінде өткен осынау шараға 235 мектептер мен 26 колледждерден 5000-нан астам мұғалімдер қатысты. Жорыққа қатысқан мұғалімдер енді жаңа оқу жылында балаларды жорыққа бастап шығады деп сенеміз. Себебі: Батыс Қазақстанның барлық білім беру ұйымдарына «Балалар туризмі» айлығы жарияланып, балаларды жорыққа алып шығу көзделуде!

joomla template