Мероприятия

2019 жылдың оқу-тәрбие жұмысы туралы есеп / Отчет по учебно–воспитательной о работе за 2019 год

Облыстық жастар туризмі және экология орталығы қосымша білім беру ұйымы ретінде өз қызметін негізгі бағыттарға сәйкес жүзеге асырады: "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы,
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 14 маусымдағы № 228 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 170 бұйрығы, мекеменің Жарғысы.
Оқу - тәрбие жұмысының негізгі мақсаты: «Туристік өлкетану қызметі арқылы жеке тұлғаны еуразиялық мәдениетке тәрбиелеу».
Міндеттері: қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.
ОБЖТжЭО-да оқу - тәрбие жұмысын директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарын  және 29 қосымша білім беру мұғалімдері ұйымдастырады.
2018-2019 оқу жылында барлық бағыттар бойынша оқушылармен жұмысты ұйымдастыру үшін 1238,4 сабақ сағаты бөлінді. Оқу бағдарламалары келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: туристік, өлкетану, экологиялық, спорттық  бағдарлау және спорт.
Балалар бірлестіктерімен келесі қызметкерлер жұмыс істейді: жоғарғы санатты – 4 адам, І санатты – 6 адам, ІІ санатты – 7 адам, санаттысыз – 11 адам.
Оқу бағдарламалары – типтік, бейімделген, авторлық.  Іске асырылатын бағдарламалардың деңгейі мен бағыты белгіленген талаптарға сәйкес келеді. Оқу үдерісін бағдарламалық қамтамасыз ету орталық қызметінің мақсаттары мен міндеттеріне жауап береді және білім алушыларға қызмет саласын еркін таңдау және шығармашылық білім беру процесінде өзін дамытып  мақсатын жүзеге асыру үшін жағдай жасалады. Облыстық оқу - әдістемелік кабинетінде бекітілген авторлық бағдарлама бойынша қосымша білім беру педагогтары К. Ж. Кайрлиева жұмыс істейді. («Менің Отаным – Қазақстан»  туристік-өлкетану экспедициясы шеңберінде «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыруда өлкетану қызметін ұйымдастыру, 2017 жылғы 7 наурыздағы №1 хаттама), Капустина Н. А., Петченко С. В. ("Эколого-эстетического мировоззрения средствами ТКД", 2018 жылғы 8 маусымдағы № 2 хаттама)

Толық оқу ... / Читать полностью...

 

Үйірмешілер арасында өткізілген көктемгі «Қарлығаш 2019» туриадасы бойынша қорытынды ақпарат \ Информация об итогах весенней туриады «Кралыгаш» 2019» среди кружковцев ОЦДЮТиЭ

ОБЖТжЭО-ң 2019 жылғы  «24» мамыр № 77   бұйрығына сәйкес, салауатты өмір салтын, жаяу туризмді насихаттау мақсатында «Самал» туристік лагерінде үйірмешілер арасында көктемгі «Қарлығаш 2019» туриадасы өткізілді. Туриадаға 4 кіші, 12 орта, 2 ересек топты қамтыған, жалпы саны 108  үйірмеші қатысты.
Туриадаға төмендегі ҚББП қатысты:
Кіші топтар: «Жас өлкетанушы» Альмуханова Р.С.., «Отан» Бисемалиев С.К., «Этюд» Петченко С.В., «Ориент рубин» Кенжегалиев А.А..
Орта топтар: «Музей белсенділері» Ескалиева Г.Т., «Атамекен» Насипкалиев М.А., «Штурм» Беркингалиев Ф.С., «Кен дала» Сарсенгалиев Ф.С., «Спектр» Капустина Н.А., «Жас Ұлан» Халенов Ұ, «Палитра» Петченко С.В., «Акварель» Петченко С.В., «Жас турист 1», «Жас турист 2» Бисенова Ж.М., «Колумб» Исполов Д.С..

Толығырақ...

   

Делимся опытом!/Тәжірибемізбен бөлісеміз!

В целях обмена опытом, на базе областного центра детско-юношеского туризма и экологии - клуб ЮНЕСКО, педагоги дополнительного образования, Дәуіт Ж.Р. (отдел "Спортивное ориентирование"), Халенов У. (Отдел "Туризм и безопасность маршрутов"), Куденко А.А. (отдел "Спорта и физической культуры"), Петченко С.В. (отдел "Экологический туризм"), Мырзагереева А.Т. (отдел "Спорта и физической культуры") провели занятия по спортивному ориентированию, горному туризму, женскому футболу, изотуризму, национальным играм: асық ату и городкам. У педагогов была возможность посмотреть, как на практике работают их коллеги, а у детей, занимающихся в кружках, ознакомиться с другими возможностями проведения времени вне основного учебного процесса. Дополнительное образование - это зарекомендовавший себя вид образования, направленный на всестороннее удовлетворение потребностей человека в интеллектуальном, духовно-нравственном, физическом и профессиональном совершенствовании. Сущностно- мотивированное образование, позволяющее детям познавать и творить, максимально реализовать себя, самоопределиться профессионально и личностно. И работа ОЦДЮТиЭ в целом, и каждого педагога, в частности, это подтверждают!

Толығырақ...

   

Знакомство с центром!/Орталықпен танысу!

6-7 ноября в Уральске прошел Республиканский научно-практический семинар "Формирование функциональной грамотности на основе человеческих ценностей".
Участники семинара - представители региональных научно-практических центров в работе с одаренными детьми, директора, заместители, педагоги специализированных организаций образования, - посетили областной центр детско-юношеского туризма и экологии - клуб ЮНЕСКО, где ознакомились с работой его отделов, посмотрели занятия кружковцев горным туризмом, спортивным ориентированием, изо-туризмом и др. А также посетили музей детского туризма. Кроме этого сотрудники центра провели для участников семинара экскурсию по городу.

Гости остались довольны, а мы продолжаем работать и всегда рады поделиться опытом!

Толығырақ...

   

ОБЖТжЭО-ы үйірмешілері арасында өткізілген «Алғашқы алау»/«Первый костер» среди кружковцев ОЦДЮТиЭ

Батыс Қазақстан облысында балалар туризмі айлығы аясында 2018 жылдың 29 қыркүйегінде " Евразия "ТСК-і базасында қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қатысушылардың спорттық, техникалық және тактикалық шеберлігін арттыру, педагогтар мен оқушылар арасында тәжірибе алмасу мақсатында ОБЖТжЭО-ы үйірмешілеріне  арналған дәстүрлі «Алғашқы  алау» іс-шарасы өтті.
Бағдарламаға сәйкес үйірмешілер далалық жағдайда жайғасып, алау алаңында шараның салтанатты ашылуы болды. Алауды жағу мәртебесі спорттық бағдарлау және экологиялық туризм бөлімдерінің оқушыларына берілді. ОБЖТжЭО -ның әрбір бөлімі үйірмешілерді (әсіресе бірінші оқу жылындағыларды) өз бағытының жұмысымен таныстырды. Туризм жөніндегі нұсқаушылар оқушыларға әмбебап сақтандыру жүйесін қалай дұрыс кию керектігін және «Траверс», «Аспалы өткел», «Маятник», «Параллель өткел» қашықтықтарында қалай жұмыс істеуге болатынын көрсетті. Спорттық бағдарлау бөлімі оқушыларды спорттық бағдарлау ұғымымен таныстырып, оларға компас және спорттық бағдарлау карталарының түрлері туралы жалпы түсінік берді. Өлкетану және аймақтық ынтымақтастық бөлімі кітапханамен бірлесіп оқушыларға «Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру» тақырыбында бейнероликтер көрсетіп, «Рухани керуен» викторинасын өткізді. Экологиялық туризм бөлімі «Турист, өз ағашыңды отырғыз» акциясын өткізді және жұпаргүл алаңында 51 жұпаргүл көшеттерін отырғызды. Спорт және дене шынықтыру бөлімінің қосымша білім беру педагогтары "Асық ату" жарысы мен спорттық эстафета өткізді.
Алда әлі көп іс-шаралар бар, бірақ бұл, әрине шаралардың  ішіндегі ең қызықтысы!

Толығырақ...

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > Соңы >>
joomla template