«Хрустальды шоқыр» байқауы туралы

«Хрустальды шоқыр» сыйлығы байқауын 2004 жылы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырды.
Байқаудың мақсаты – Батыс-Қазақстан облысының және Қазақстанның басқа өңірлерінде балалар туризмі, өлкетану қызметінің және экологиялық қозғалыстың дамуына мүмкіндік беретін әр түрлі бағыттағы шығармашылықпен жұмыс жасайтын мамандарды анықтау және ынталандыру.
Байқаудың лауреаттары тек қана ұйымдастырушылар, басшылар, педагогикалық қызметкерлер, сонымен қатар мектепке дейінгі, жалпы білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері, жоғары оқу орындары мен арнайы орта оқу орындарының оқытушылары ғана емес, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, БАҚ өкілдері, Орал қаласы мен облыс аудандарының атқарушы органдарының қызметкерлері, демеушілер, балалар туризмінің меценаттары болып табылады.
«Хрустальды шоқыр» сыйлығы балалар туризмінің «Оскары» болып саналады және туристік - өлкетану қызметінің ең белсенді ұйымдастырушылары мен энтузиастарына лайықты марапат болып табылады.

joomla template