Жаңалықтар

 

Бес асықтан Батыс Қазақстан облысының қашықтықтан онлайн турнирінің өткізілуі туралы

30.05.2020 19:18

21-23 мамыр күндері Облыстық білім басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруыменБатыс Қазақстан облысының шахматтан онлайн блиц турнирі өткізілді.
Онлайн форматта өткізілген турнирдің мақсаты: мектеп оқушыларының спорттық шеберліктерін  және зияткерлік қабілетін жетілдіру.
Турнирге аудандардың және Орал қаласының білім мекемелерінің оқушылары тартылды. Жарысқа Казталов, Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Бөкейорда аудандары және Орал қаласынан барлығы 27 оқушы белсене қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
І орын – Тлепберген Таймас(Орал қаласы №44 ЖОББМ)
ІІ орын – Султанов Эльдар (Орал қаласы №24 ЖОББМ)
ІІІ орын – Бақтығали Бекзат (Казталов ауданы)
Қыздар арасында:
І орын – Хасанова Алиса (Бөрлі ауданы)
ІІ орын – Мурат Раушан (Орал қаласы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп интернат)
ІІІ орын – Ерекешова Даяна (Орал қаласы №21 ЖОББМ) иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі грамоталармен марапатталады.

Толығырақ...

   

Батыс Қазақстан облысында ұлттық ойын түрі бес асықтан онлайн блиц туринирі өз мәресіне жетті

25.05.2020 21:34

21-22 мамыр күндері Облыстық білім басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруымен, оқушылардың денсаулығын жақсарту және салауатты өмір салтына тәрбиелеу сонымен қатар жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында  қашықтықтан Батыс Қазақстан облысының бес асықтан онлайн блиц турнирі өткізілген еді. Турнирге аудандардың және Орал қаласының білім мекемелерінің оқушылары тартылып,  аудан және қала мектептерінен барлығы 10 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Русланбекова Рысгүл
ІІ орын – Хасанова Альбина
ІІІ орын – Мулдашева Гүлдерай  иеленді. Жеңімпаздар медальдармен және  грамоталармен марапатталды.

Толығырақ...

   

«Қашықтықтан оқытуда өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары» атты онлайн-конференциясының қорытынды ақпараты

22.05.2020 11:32

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығы 2020 жылдың 20 мамыр күні  «Қашықтықтан оқытуда өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары»  атты онлайн-конференция өткізді. Конференцияға республика бойынша 56 қосымша білім беру педагогтары қатысты.  
Конференция мақсаты: қашықтықтан өлкетану жұмысын ұйымдастыруда  тиімді  әдіс-тәсілдерді қолдану. Конференция барысында  «Өлкетанулық байқауларды қашықтан өткізу» тақырыбында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы!»  облыстық интернет байқауы жобасы, үйірме жұмысын қашықтан жүргізу әдістері ұсынылды.     
Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облысымыздың жас өлкетанушылары  және  қосымша білім беру педагогтары жинақтаған «Соғыстың үшбу хаттары» кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...

   

   

Халықаралық отбасы күні

15.05.2020 09:20

Халықаралық отбасы күні-1994 жылдан бастап жыл сайын 15 мамырда атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық отбасы жылы туралы қарар  жариялады (1993 жылдың 20 қыркүйектегі № A/REC/47/237).
Отбасы-біздің әрқайсымыз үшін ең бастысы. Отбасы-бұл жақын және туған адамдар, жақсылық пен бақыт тілейтің, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық жасайтын адамдар.
ОБЖТжЭО жыл сайын «Әкем, Анам және Мен – туристік отбасы» және «Спорт-деңсаулық, спорт – ойын, спорт-Әке, Ана, және мен» облыстық жарыстар өткізеді. Үйірме оқушылары ата-аналарымен бірге іс-шаралар мен жорықтарға белсенді қатысады. Отбасылық жорық-бұл отбасылық демалыстың ең жақсы түрлерінің бірі, бұл ортақ мүдделер, бірлескен оқиғалар, тамаша демалыс және ең бастысы, достық қарым-қатынас. Жорық баланы батылдыққа, тәуелсіздікке, жауапкершілікке және шынайы болуға үйретеді.

Толығырақ...

   

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының «Соғыстың үшбу хаттары» жинағы шықты.

13.05.2020 21:51

Жауынгер хаттарынан

 

Құйғытып аспан көгінде,
Құлдырап құстай, сәлем хат.
Жетші сен туған жеріме,
Жеткізші менен аманат.

Тайпақтан сонау тапшы іздеп,
Майданшы солдат анасын.
«Қарағым қашан қайтар»-деп,
Сағынған шығар баласын...

Адаспай баршы, сәлем хат,
Ардақты Жайық бойына.
Ұлдарын күтсін – аманат,
Сайлансын Жеңіс тойына.

 

 

 

 

 

Жұбан Молдағалиев

«Соғыстың үшбу хаттары» жинағы - жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеп, ерлікке жетелейтін, тәуелсіздігімізді сақтап қалатындай жалынды жастарды тәрбиелеуге пайдаланатын өзекті, құнды жинақ. Жас ұрпаққа 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысының Жеңісі қандай жолмен келгенін түсінуге, түйсінуге жинақтың көмектесуі сөзсіз.
Жұмыстың жаңашылдығы автор мен жас өлкетанушылар іздестіру-зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, интернет, мұрағаттар арқылы хат иелерін іздеп, қаза тапқан жерлерін, уақытын, жерленген жерлерін анықтауға қол жеткізуі.

Толығырақ...

   

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» облыстық интернет - байқауы

30.04.2020 15:12

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы  «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» және «Еріктілер жылы» аясында «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауын өткізеді.
Мақсаты: Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, Қазақстандықтардың ерен ерліктерін бағалай білу мақсатында жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу.
Облыстық байқауға БҚО-ң аудандары мен Орал қаласының 7-10 сынып оқушылары қашықтан қатысады.
Байқау 2 бөлімнен тұрады:
I бөлім – «Менің ауылым – соғыс  жылдарында» (іздестіру – зерттеу  
жұмыстарын қорғау);
ІІ бөлім  – «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет» (Челлендж).

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы!» облыстық интернет - байқауын қашықтықтан өткізу ережесі

   

29.04.2020 22:49

   

29.04.2020 22:19

Дорогие коллеги Областного центра туризма Западно-Казахстанской области. Примите самые искренние поздравления с 60-летним юбилеем.
Миссия Вашего Центра по возрождению детско-юношеского туризма и  формированию здорового образа жизни среди детей и молодежи является одной из важнейших задач сегодняшнего дня. В новых условиях нас всех объединяет идея воспитания гражданственности и патриотизма, развития творческих, духовных и физических возможностей подрастающего поколения.
Благодаря выдающемуся человеку-новатору, любящему свой край, людей, патриоту и педагогу-Фомину Виктору Павловичу, сделан большой шаг в развитии туристско-краеведческого направления не только в Западно-Казахстанской области.
Наверное, нет ничего удивительнее, чем память человеческая…
Наш долг сберечь и приумножить эту Память, воспитать в юных гражданах Казахстана чувство патриотизма, уважение к старшим,  любовь к Родине.
Желаю всем сотрудникам Цнентра бодрости духа, неустанного научного поиска, блестящих достижений в развитии детско-юношеского туризма на благо нашего государства.

Шер Р.П.-директор республиканского учебно-методического центра дополнительного образования

   

29.04.2020 23:02

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының 60 жылдық мерейтойымен ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы шын жүректен құттықтайды!
Қазіргі таңда білім беру саласында, соның ішінде балаларға қосымша білім беруде, өзінің білікті де, білімді мамандарымен  көзге түсіп, көптеген республикалық, халықаралық жетістіктерге жетіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Орталықтың білім саласындағы жетістіктері мол болып, алар асулары көп болсын. Сіздерге шығармашылық табыс, зор денсаулық, отбасыларына бақыт тілейміз!

   

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
joomla template