Жаңалықтар

 

Халықаралық Әкелер күні

22.06.2020 17:10

ҚР БҒМ РҚББОӘО қолдауымен "Қазақстан балалары -жазды қуанышқа толтырайық" концепциясына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен халықаралық әкелер күніне орай  "Әке көрген оқ жонар " онлайн челленджін жариялады.
Мақсаты: әкелердің отбасындағы рөлін көтеру, әкесі мен баласының қоғамдық жұмыстарға араласуын бейнелеу, ерекше ерлігі мен және ұрпаққа өнеге болар игі істерімен көзге түскен әкелерді кеңінен насихаттау.
Челлендж 2020 жылдың 18-21 күні аралығында Facebook әлеуметтік желісінде өткізілді. Челленджге 10 отбасы қатысты (20 адам). Facebook әлеуметтік желісінде отбасылық бейнероликтерді 700 -ден астам адамдар тамашалады.

   

«ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» атты шығармашылық онлайн көрме!

17.06.2020 21:33

2020 жылдың 1 маусымында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының облыстық балалар мен жасөспірімдердің туризм және экология орталығының  60 жылдығына арналған «Әлем балалар көзімен» атты балалардың көркем шығармашылығының онлайн көрмесі ашылып, ол айдың соңына дейін жалғасады.
Көрменің басты мақсаты – оқушылардың дүниетанымын, эстетикалық талғамын кеңейту, сурет салу, логикалық ойлау, есте сақтау, қиял мен шығармашылық дағдыларын дамыту. Көрмеде қосымша білім беру педагогтары  Наталья Капустина мен Светлана Петченконың жетекшілігімен «Этюд», «Этюд 2», «Радуга, «Краски», «Акварель», «Палитра», «Радуга» бейнелеу-туристік үйірме оқушыларының 173 жұмысы ұсынылды.     Жұмыстар: акварельмен, майлы бояумен, гуашьпен, батикпен, қарындашпен, кофе, пастельмен және т.б. әртүрлі материалдармен орындалған.
Туристік, өлкетану және экологиялық бағытындағы  әртүрлі техникамен орындалған балалардың шығармашылық жұмыстары қоршаған ортаны және табиғаттың сұлулығын қабылдауы көрініс тапқан. Жас суретшілердің тамаша туындылары ата-аналар мен педагогтердің мақтанышына айналып отыр.

Фотогалерея «ӘЛЕМ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН» атты шығармашылық онлайн көрме

   

«Әкелер күні» мерекесіне орай, көпбейінді спорттық туризмнен «Менің әкем – Турист» ашық онлайн жарысы туралы

16.06.2020 22:24

21 маусым «Әкелер күні» мерекесіне  орай, көпбейінді спорттық туризмнен «Менің Әкем - Турист» атты онлайн ашық жарысы челлендж түрінде бастау алды. Челлендж 2020 жылдың 15-30 маусым аралығында өтеді. Жеңімпаздар 2020 жылдың 6 шілде күні анықталып, марапатталады.  Жарыс қатысушылардың туризмге деген қызығушылығын арттыру, туристік-спорттық шеберліктерін шыңдау, салауатты өмір салтын насихаттау және отбасылық ұйымшылдықты дамыту (ата-анамен баланың қарым-қатынасын белсендіру)  мақсатында өткізіледі.
Бағдарламаға сай, жарысқа әкесі және 2005-2015  жыл аралығындағы ұл-қыздар қатыса алады. Жарыс 8 кезеңнен тұрады.
Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығында ережеге сай, жарыс алаңының қашықтығы құрылып, челлендждің алғашқы ұл-қыздардың қатысушылары Джанашев Исатай, Кубашев Ренат, Сарсенгалиев Фархат, Курмангазиев Ерулан және Джумагазиев Жасталап өз  бақтарын сынады.  
Бұл туристік эстафетаны барлық Батыс Қазақстан облысының Әкелері қабылдап жалғастырады деген ойдамыз. Қатысушыларға жақсы көңіл – күй мен жеңіс тілейміз!

Толығырақ...

   

«Абай әлеміне саяхат» байқауы

16.06.2020 21:16

Жазғы демалыс уақытында  оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу  мақсатында «Өлкетану және аймақаралық ынтымақтастық» бөлімінің үйірмешілері қашықтықтан  интернет байқауларға белсене қатысып келеді.
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен   жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары білім алушыларының арасында Абай Құнанбаевтың 175
жылдығына арналған «Абай әлеміне саяхат» республикалық интернет байқауы оздырылды.   Байқауға жалпы 24 оқушы қатысты.
Байқаудың   мақсаты: білім алушылардың Абай шығармашылығына деген қызығушылығын қалыптастыру, ұлы ақынның өмірі мен туындылары арқылы білімге деген ұмтылысын арттыру.
Аталмыш байқауға «Жас өлкетанушылар» үйірмесінің оқушысы  Гиззатқызы Айзере  қатысып, жүлделі І орын иеленді.

   

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Желбіре Жеңіс жалауы!» облыстық интернет байқауы жалғасуда !!!

09.06.2020 23:18

Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығы  «Ұлы Жеңістің 75 жылдығы» және «Еріктілер жылы» аясында «Желбіре Жеңіс жалауы!» байқауын қашықтықтан өткізуде.
Байқаудың «Ардагерге құрмет-ұрпаққа міндет» челленджі 7 мамыр-5 маусым аралығында жүргізіліп, облысымыздан 14 команда толықтай қатысты. Әлеуметтік желілерде дауыс беру 2020 жылдың 15 маусымында аяқталады. 
Мақсаты: Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында ар мен намысты ту еткен батырлар рухына тағзым ету, Қазақстандықтардың ерен ерліктерін бағалай білу мақсатында жас ұрпақ бойына Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және әскери - патриоттық рухта тәрбиелеу.  
Қазіргі таңда байқаудың «Менің ауылым – соғыс жылдарында»  бөлімінің іздестіру – зерттеу жұмыстарының материалдары  жинақталуда.

Толығырақ...

   

09.06.2020 21:12

Жыл сайын оқу жылына 2 рет облыстық балалар - жасөспірімдер туризмі және экология орталығының үйірмешілерінің арасында педагог-психолог маманы оқушылар бойындағы агрессияны анықтауға арналған диагностика жүргізеді. Екінші жарты жылдықта диагностика онлайн түрінде өткізілді.
Үйірмешілер арасында жүргізілген диагностика қорытындысы бойынша жыл басында агрессияның орташа дәрежесі бар "қауіп тобындағы" болған балалар,жыл соңына қарай агрессияның төмен деңгейіне өзгергенін көрсетеді. Бұл туристік-өлкетану үйірмесі балаларға жағымды, оң әсер ететінінің тағы бір дәлелі.
Қазіргі таңдағы жаһандық ақпараттандырудың ғасырында балалар бір-бірімен, табиғатпен тірі қарым-қатынас жасаудың жетіспеушілігін бастан кешіруде. Компьютер мен теледидар экрандарында уақыт өткізу олардың гиподинамиясын өсіріп және денсаулыққа байланысты кері әсерін тудырады. Ал туристік-өлкетану үйірмесінің балаларының  үйде отырып бос  уақыттарын зая кетіретін мүмкіндіктері жоқ десекте болады. Өйткені:біздің үйірмелерімізбен балалар  қоршаған ортаны тікелей табиғатта, серуендеу және экскурсиялар, әр түрлі жорықтар мен туған өлкеге экспедициялар кезінде белсенді қозғалыста зерттейді.

Толығырақ...

   

«Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш»

04.06.2020 15:05

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек.

Толығырақ...

   

Бес асықтан Батыс Қазақстан облысының қашықтықтан онлайн турнирінің өткізілуі туралы

30.05.2020 19:18

21-23 мамыр күндері Облыстық білім басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруыменБатыс Қазақстан облысының шахматтан онлайн блиц турнирі өткізілді.
Онлайн форматта өткізілген турнирдің мақсаты: мектеп оқушыларының спорттық шеберліктерін  және зияткерлік қабілетін жетілдіру.
Турнирге аудандардың және Орал қаласының білім мекемелерінің оқушылары тартылды. Жарысқа Казталов, Бәйтерек, Бөрлі, Сырым, Бөкейорда аудандары және Орал қаласынан барлығы 27 оқушы белсене қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша ұлдар арасында:
І орын – Тлепберген Таймас(Орал қаласы №44 ЖОББМ)
ІІ орын – Султанов Эльдар (Орал қаласы №24 ЖОББМ)
ІІІ орын – Бақтығали Бекзат (Казталов ауданы)
Қыздар арасында:
І орын – Хасанова Алиса (Бөрлі ауданы)
ІІ орын – Мурат Раушан (Орал қаласы С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп интернат)
ІІІ орын – Ерекешова Даяна (Орал қаласы №21 ЖОББМ) иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша қатысушылар І, ІІ, ІІІ дәрежелі грамоталармен марапатталады.

Толығырақ...

   

Батыс Қазақстан облысында ұлттық ойын түрі бес асықтан онлайн блиц туринирі өз мәресіне жетті

25.05.2020 21:34

21-22 мамыр күндері Облыстық білім басқармасының қолдауымен Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының қашықтықтан ұйымдастыруымен, оқушылардың денсаулығын жақсарту және салауатты өмір салтына тәрбиелеу сонымен қатар жастар арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында  қашықтықтан Батыс Қазақстан облысының бес асықтан онлайн блиц турнирі өткізілген еді. Турнирге аудандардың және Орал қаласының білім мекемелерінің оқушылары тартылып,  аудан және қала мектептерінен барлығы 10 команда қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Русланбекова Рысгүл
ІІ орын – Хасанова Альбина
ІІІ орын – Мулдашева Гүлдерай  иеленді. Жеңімпаздар медальдармен және  грамоталармен марапатталды.

Толығырақ...

   

«Қашықтықтан оқытуда өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары» атты онлайн-конференциясының қорытынды ақпараты

22.05.2020 11:32

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының балалар мен жасөспiрiмдер туризм және экология облыстық орталығы 2020 жылдың 20 мамыр күні  «Қашықтықтан оқытуда өлкетану жұмысын ұйымдастырудың жолдары»  атты онлайн-конференция өткізді. Конференцияға республика бойынша 56 қосымша білім беру педагогтары қатысты.  
Конференция мақсаты: қашықтықтан өлкетану жұмысын ұйымдастыруда  тиімді  әдіс-тәсілдерді қолдану. Конференция барысында  «Өлкетанулық байқауларды қашықтан өткізу» тақырыбында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Желбіре, Жеңіс жалауы!»  облыстық интернет байқауы жобасы, үйірме жұмысын қашықтан жүргізу әдістері ұсынылды.     
Сонымен қатар, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облысымыздың жас өлкетанушылары  және  қосымша білім беру педагогтары жинақтаған «Соғыстың үшбу хаттары» кітабының тұсаукесері өтті.

Толығырақ...

   

Тағы хабарламалар...

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL

<< Бірінші < Алдыңғы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > Соңы >>
joomla template